ҚР мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну одан әрі жалғасуда
2003-жылдың 7-шілде күнгі жағдаймен Қазақстанда мәслихат депутаттығына 67 кандидаттың аты ұсынылды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының хабарламасында айтылған. |
Облыстық мәслихаттарға 15 кандидат ұсынылды. Соның ішінде үш адам Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарынан, екі адам Астанадан, үш адам Алматыдан ұсынылды. Аудандық мәслихаттарға 45, қалалық мәслихаттарға 7 адамның аты ұсынылып отыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәслихат депутаттарының сайлауы 2003-жылдың 20-қыркүйегіне белгіленген. Ал сайлауға үміткердің атын ұсыну 20-шілдеде аяқталады.
Алдағы мәслихат сайлауында 3322 депутат сайлануы тиіс.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін