ҚР мемлекеттік хатшысы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекетпен етене жақын ынтымақтасуға шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР мемлекеттік хатшысы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекетпен етене жақын ынтымақтасуға шақырады

ҚР мемлекеттік хатшысы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекетпен етене жақын ынтымақтасуға шақырады

Астана. 18 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев үкіметтік емес ұйымдарды мемлекетпен етене жақын ынтымақтасуға шақырады. Бұл туралы ол бүгін үшінші Азаматтық форумның жалпы отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Қазан 2007
  • 399
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде біздің еліміз өз дамуының сапалық тұрғыда жаңа кезеңіне ден қойды. Ондағы мақсат — таяу жылдарда әлемдік жоғары деңгейде дамыған, бәсекеге қабілетті елдерінің санатына қосылу. Осыған байланысты үкіметтік емес ұйымдардың рөлі арта түсуде, олар халықтың әл-ауқатын жақсарту және елімізді одан әрі дамыту үшін мемлекеттік органдармен мейлінше белсенді әрі кең ауқымда жұмыс істеуге тиіс», — деді Қ. Саудабаев.

Мемлекеттік хатшы осы орайда «үкіметтік емес ұйымдар еліміз тәуелсіздік алған сәттен бері мемлекетттік органдармен бірге өзара ықпалдастық пен ынтымақтастықтың жеміске толы жолдарынан өтті»,- деді. «Елімізде аса қысқа мерзімде үкіметтік емес ұйымдарды дамытуға арналған бекем институционалдық және заңнамалық база құрылып, билік пен үшінші сектор арасында әріптестік ықпалдастық орнап, әріқарайғы ықпалдастықтың стратегиялық бағыттары айқындалды», — деді ол.

«Тұтастай алғанда еліміз тәуелсіздік алған жылдарда Қазақстанда үкіметік емес секторды дамытуға қажетті бекем құқықтық және ұйымдастырушылық іргетас қаланды», — деп қорытты Қ. Саудабаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті