ҚР ОСК 6-шы шақырылым депутаттарына куәліктерін табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ОСК 6-шы шақырылым депутаттарына куәліктерін табыс етті

ҚР ОСК 6-шы шақырылым депутаттарына куәліктерін табыс етті

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.    

  • 24 Наурыз 2016
  • 603
Фото - Caravan.kz


«Комиссия отырысы күнтәртібіне бір мәселе енгізіледі. Ол алтыншы шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеу туралы», — деді отырысты ашқан комисия төрағасы Қ.Тұрғанқұлов.

Сонымен қатар ол «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 12, 45, 46, 97-1 және 98-баптарына сәйкес ҚР Орталық сайлау комиссиясының қаулысын жария етті.

«Бірінші, алтыншы шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары тіркелсін. «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша — 84 депутат, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық Партиясының партиялық тізімі бойынша — 7 депутат, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының партиялық тізімі бойынша — 7 депутат, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған 9 депутат. Екіншіден, тіркелген барлық депутаттарға Орталық сайлау комиссиясының отырысында тиісті куәліктер мен омырауға тағатын белгілер тапсырылсын. Үшінші осы ақпарат БАҚ-та жариялансын», — деді ол.