Жарияланды: 490

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2011 жылдың 11 тамызына белгіленді

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2011 жылдың 11 тамызына белгіленді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «2011 жылғы 19 тамызға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады ресми БАҚ.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2011 жылғы 19 тамызға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Консти­туция­сы­ның 44-бабының 2) тар­мақ­шасына, Қа­зақ­стан Республикасының «Қа­зақстан Рес­пуб­ли­касындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 69-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы 2011 жыл­ғы 19 тамызға тағайындалсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының, облыс­тардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сай­лау­ын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 14 маусым. №98

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін