Жарияланды: 720

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау қарсаңындағы науқан қалыпты жағдайда өтуде

ҚР Парламенті Сенатының сайлауы қарсаңындағы науқан қалыпты жағдайда өтуде. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

«Осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясына 2 шағым келіп түсті. Тексеру барысында оларда айтылған фактілер расталмады. Шағымданушыларға уақытылы жауап берілді», - деп атап өтті Қ. Тұрғанқұлов. Баспасөз мәслихатында белгілі болғанындай, 19 тамыз күні өтетін Сенат депутатарын сайлауға 87 үміткер өз кандидатурасын ұсынған. Қазіргі сәтте олардың ішінде 54 кандидат тіркеуге алынды. Сонымен қатар, атап өтерлігі, 4 әйел азамат өздерін сенаторлыққа ұсынған. 87 үміткердің 9-ы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қазіргі депутаттары болып табылады. «ОСК-ның күнтізбелік жоспарына сәйкес, кандидаттарды ұсыну 19 шілдеге дейін жүреді», - деп атап көрсетті Қ. Тұрғанқұлов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін