ҚР парламенті сенатының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов жұмыс бабымен Батыс Қазақстан облысында болды
ҚР парламенті сенатының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов өткен сенбіде жұмыс бабымен Батыс Қазақстан облысын аралап қайтты. Облыс ахуалымен танысу мақсатымен жасалған бұл сапар барысында сенат жетекшісі өткен аптаның соңында Орал қаласына қоныс аударған бұрынғы Тұңғыш ауылының тұрғындарымен жүздесті. |
Сондай-ақ, О.Әбдікәрімов Дарьинское ауылын аралап, орыс жазушысы Михаил Шолоховтың мұражай-үйінде болды, Сырым Датұлына арналған ескеткіштің ашылу салтанатына қатысып, оның құрметіне бағышталған шығармашылық кештікке қатысты. Сенбі күні Оралбай Әбдікәрімов Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттарымен жүздесіп, аймақтың қарқынды дамуына жағдай жасап отырған атқарушы биліктің іс-қызметін жоғары бағалады. Батыс Қазақстан облысынан сенатқа сайланған халық қалаулылары Рашид Ахметов пен Қабдығали Ахметов сенат спикерімен бірге өңірді аралады.
Жексенбіде сенат төрағасы Астанаға оралды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін