К. Мәсімовтың айтуынша, Алматы және Астана қалаларының үлгісі бойынша барлық салынып жатқан нысандарды 3 сатыға бөлу қажет. Алғашқысына қаржылық проблемалары жоқ және құрылыс компаниялары өз беттерімен аяқтай алатын нысандар кіреді. Екіншісіне құрылысын аяқтау үшін қаржылай көмек қажет болатын тұрғын үй кешендері енеді. Үшінші сатыға аудит қорытындысы бойынша үлескерлердің ақшалай қаражаттарын тонау немесе мақсатсыз жұмсау анықталатын нысандар жатқызылады.
Үшінші сатының құрылысшыларымен жұмысты құқық қорғау органдары жүргізетін болады. Ал нысандар болса, проблемалы нысандар қатарына жатқызылатын болады.
«Мен екі аптадан кейін сіздермен осы мәселе бойынша кедесетін боламын», — деді К. Мәсімов облыс әкімдігінің өкілдеріне арнаған сөзінде.
Алматы облысының әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталовтың хабарлауынша, облыста қазіргі таңда 19 тұрғын үй кешені анықталған. Оны 3799 үлескердің қатысуымен 18 құрылыс компаниясы салып жатыр.
«5 нысан бойынша 5 құрылыс компаниясының проблемалары жоқ және құрылысты өз беттерімен аяқтайды. 338 үлескер қатысқан 4 құрылыс компаниясы құрылыстарын қаржылай көмек көрсетусіз аяқтай алады. Алайда, олардың инженерлік желілерге қосылу бойынша бірқатар мәселелері бар. бір құрылыс компаниясы бізбен бірлесе отырып, үлескерлерден алынған қаражатты қайтару үстінде», — деп хабарландырды А. Баталов.
Сонымен қатар, оның айтуынша, 3255 үлескер қатысып отырған 10 нысанның құрылысын аяқтау үшін мемлекеттің қаржылай көмегі қажет. «Оның ішінде 4 құрылыс компаниясының қазіргі таңда екінші деңгейдегі банктермен бірлесе жұмыс жасау жөнінде келісімдері бар», — деп атап көрсетті әкімнің орынбасары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті