ҚР премьер-министрі "Алматыда жасалған - 2008" көрмесін тамашалады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР премьер-министрі "Алматыда жасалған - 2008" көрмесін тамашалады

ҚР премьер-министрі "Алматыда жасалған - 2008" көрмесін тамашалады

Алматы. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов сенбі күні жұмыс сапарының аясында "Алматыда жасалған - 2008" көрмесін тамашалады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 4 Тамыз 2008
  • 847
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, ҚР премьері К. Мәсімов пен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов өнеркәсіптің әртүрлі салаларының 75 кәсіпорынының өнімдерімен танысты. Оның ішінде машина жасау, металл өңдеу, құрылыс материалдарын жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, полиграфия және баспа ісі т.б бар.

Сонымен қатар, көрмеде Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырған «Алтын сапа» өңірлік бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды. Бәйгеге қатысуға 88 кәсіпорын мен ұйым өтініш берген. Олардың ең үздіктеріне «Алтын сапаның» мадақтамалары, дипломдары мен жүлделері табыс етілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті