Жарияланды: 650

ҚР премьер-министрі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ өндірісін дамыту және жаңарту мәселесі бойынша жиналыс өткізді

Астана. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін үкімет үйінде "АрселорМиттал Теміртау" АҚ өндірісін дамыту және жаңарту мәселесі бойынша жиналыс өткізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс тобының мүшелері премьер-министрге "2014 жылы жылына 10 млн тонна болат өндіруге қол жеткізу үшін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ дамыту және жаңарту" жобасын жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарын жасаудың аяқталғандығы жөнінде баяндады. Жоспарда минералдық-шикізаттық базаны кеңейту, металлургия өндірісін, инженерлік инфрақұрылымды, энергетикалық және су шаруашылығы кешендерін дамыту, бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мәселелері көрсетілген. Қазіргі уақытта жобаның "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасына қатысуы үшін "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ өтініш берілген. Отырысқа қатысушылар жобаны жүзеге асыру Қазақстандағы қара металлургияның дамуына серпін беретінін, рудалық базаның кеңеюіне және қосылған құны жоғары өнім алуға мүмкіндік беретінін атап көрсетті. Жиналыс қорытындысы бойынша премьер-министр К. Мәсімов жоспардың технологиялық жағын жетілдіруді, оның ішінде, жер бөліп беру, энергиямен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету, көліктік инфрақұрылымды дамыту және қажетті шикізаттық базаны дайындауды тапсырды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін