ҚР Премьер-Министрі «АрселорМиттал Теміртау» шахтерлеріне берешектерін 1 желтоқсанға дейін төлеуді қамтамасыз етуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Премьер-Министрі «АрселорМиттал Теміртау» шахтерлеріне берешектерін 1 желтоқсанға дейін төлеуді қамтамасыз етуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі «АрселорМиттал Теміртау» шахтерлеріне берешектерін 1 желтоқсанға дейін төлеуді қамтамасыз етуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтерлеріне толық көлемде берешектерін 1 желтоқсанға дейін төлеуді қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл туралы бүгін Теміртауда өткен баспасөз мәслихатында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Иво Хмелик хабарлады.

  • 30 Қазан 2013
  • 593
Фото - Caravan.kz


«Кеше Премьер-Министр кездесу өткізді. Оған компанияның бас директоры Виджай Махадеван екеуміз қатыстық. Талқыланған мәселелердің бірі — «Альянс Полис» сақтандыру компаниясының тиісті сомаларын өтеуі. Премьер-Министр сақтандыру компанияларын қадағалауды жүзеге асырушы орган ретінде Ұлттық банкке Бас прокуратура ұсынысының негізінде 30 күн ішінде, яғни 1 желтоқсанға дейін «Альянс Полис» берешек болған барлық тиісті сомаларды өтеуді қамтамасыз етуге тапсырма берді», — деді И. Хмелик.