Жарияланды: 750

ҚР премьер-министрі Елбасына өзін қызметтен босату туралы өтініш жолдады -кеңейтілген нұсқа

"Үкімет басшысы ретінде мен ҚР үкіметіне сенім білдіру жөнінде 19-маусымдағы дауыс беру процедурасында жіберілген өрескел қателіктермен принциптік тұрғыда келісе алмаймын". Бұл туралы ҚР премьер-министрі Иманғали Тасмағанбетов үкіметтің бүгінгі кезектен тыс отырысында мәлімдеп, өзінің Елбасына қызметтен босату туралы өтініш жолдағанын хабарлады.

Оның айтуынша, "дауыс санау процедурасы есеп комиссиясы мен сенат депутаттарының қатысуынсыз жүргізілген, соның салдары ретінде мәжілістегі дауыс беру қорытындысы жалған деп санаймын. Бірақ бұл деректі дәлелдеу мүмкін емес. Әрі ондай іспен айналысқым келмейді, айналыспаймын да " ,- деп мәлімдеді И.Тасмағамбетов. Үкімет басшысының пікірінше, үкіметке сенім көрсету мәселесі бойынша дауыс беру тек үкімет үшін ғана емес, сондай-ақ, парламент үшін де сын болмақ. Соның нәтижесінде "парламент елдегі жалпы экономикалық реформаларды, соның ішінде ауылшаруашылығы секілді маңызды саладағы жаңартуларды жүзеге асыруға мүлдем қабілетсіздігін көрсетіп берді ",- деді үкімет басшысы. И.Тасмағамбетов : "кейбір депутаттар үшін заң жобасы емес, олардың өз қара басының қамы -мәнсап қамы мен саяси популизмнің маңызы артық болып шықты",- дей келіп И.Тасмағамбетов соған қарамастан Жер Кодексі жобасының үкімет ұсынған үлгіде қабалданғанын атап көрсетті. Алайда премьер-министрдің пайымдауынша, " біртұтас мемлекеттік биліктің екі тармағы арасында орын алған өзара сенімсіздік белгілі дәрежеде саяси шырғалаңға апарып соғатындықтан мұндай шиеленістің шешімін дер кезінде табу керек". Осындай ахуалға байланысты мен қызметтен кету туралы шешім қабылдап, ол туралы өтінішті мемлекет басшысына тіпті 19-мамырда табыс еттім,- деп хабарлады И.Тасмағамбетов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть