Жарияланды: 430

ҚР Премьер-министрі ИКҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі сессиясының аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Премьер-министр Кәрім Мәсімов Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясының аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

«Палестинаның Сыртқы істер министрі Рияд Малькимен кездестім. Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер мемлекеттік министрі Хина Раббани Хаармен кездесу өткіздім. Ислам конференциясы ұйымы мәселелері жөніндегі АҚШ-тың арнайы өкілі Рашад Хусейнмен кездестім. Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің екіжақты қарым-қатынастар жөніндегі орынбасары Халед бен Ибрахим әл-Жанданмен кездесу өткіздім», - деп жазды К.Мәсімов Twitter-дегі блогына. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдар талқыланды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін