ҚР Премьер-Министрі инвестициялық кеңесті басқарады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Премьер-Министрі инвестициялық кеңесті басқарады

ҚР Премьер-Министрі инвестициялық кеңесті басқарады

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов инвестициялық кеңесті басқарады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

  • 23 Қараша 2015
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Президенттің тапсырмаларын есепке ала отырып,  біз қазіргі кезде ҚР Сыртқы істер министрлігімен инвесторларды тарту бойынша жұмыстарды жандандыру ұсынысын даярлаудамыз. ҚР Премьер-Министрінің басшылығымен инвестициялық кеңес құрылуда, сонымен қатар оған халықаралық кеңесшілер мен ірі халықаралық банктер қатыспақ. Олар ірі жобалар бойынша шешімдер қабылдап, барша әлемдегі өздерінің өкілдіктерінің кең ауқымдағы желілері арқылы трансұлттық компанияларды тартуға көмектеседі»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, әрбір өңірде инвестициялық климатты құру қажет. Осы орайда барша жобалардың үнемі мониторингін жүргізу назарға алынады.


Сонымен қатар Ә. Исекешев 2016 жылдан бастап инвесторлар үшін «жалғыз терезе» қағидаты іске қосылатынын атап өтті. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қажетті барша рұқсатнамалық құжаттар «жалғыз терезеден» беріледі.