ҚР Премьер-Министрі мен АДБ президенті Қазақстанның Азия даму банкімен ынтымақтастығы мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Премьер-Министрі мен АДБ президенті Қазақстанның Азия даму банкімен ынтымақтастығы мәселелерін талқылады

ҚР Премьер-Министрі мен АДБ президенті Қазақстанның Азия даму банкімен ынтымақтастығы мәселелерін талқылады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Азия даму банкінің (АДБ) президенті Такехико Накаомен кездесті, деп хабарлады primeminister.kz.

  • 4 Мамыр 2014
  • 523
Фото - Caravan.kz


Олар Қазақстан мен АДБ-нің қаржы-инвестициялық саладағы, ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы, шағын және орта бизнес секторын дамытудағы ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Қазақстанның бәсекеге қаблеттігін арттыру және экономиканы үдемелі әртараптандыру мақсатына қол жеткізудегі АДБ-ның рөлі атап өтілді. Тараптар сондай-ақ экономикалық әртараптандыру, Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мен жалпы өсуіне жәрдемдесу мақсатындағы ынтымақтастығын күшейту бойынша бүгінгі қол қойылған ҚР Үкіметі мен АДБ арасындағы әріптестік туралы шектелмелі келісім нәтижесіне қанағаттанғандықтарын білдірді.