«Біз қаржының ұлғаюын (отандық азық-түлік өнімдері) немесе қолдау шараларын енгізуіміз ықтимал, өйткені біз нарықтағы алыпсатарлардың қолдан жасап отырған әрекеттеріне қарсы тұруымыз керек «, — деді К. Мәсімов.
Оның айтуынша, «соңғы 2-3 айда, алыпсатарлардың қолындағы «жеңіл-желпі» ақшаның бәрі азық-түлік өнімдері базарына өтті, енді алыпсатарлар сонда дегенін істеуде».
«Хедж қорларындағы алыпсатарлық ақшының бір бөлігі 2007 жылға дейін жаңа экономика санатына кіретін Интернетте, жаңа технологияларда, ал соңғы 7 жылда шикізат (мұнай, метал), саласында айналымда болса, ендігі жерде оның бәрі азық-түлік нарығына бет алды», — деп есептейді үкімет басшысы.
Сондай-ақ, К. Мәсімов, вице-премьер Өмірзақ Шүкеевке биылғы жылдың желтоқсан айында агроөндіріс кешенінде қайта өңдеу саласын дамыту мәселесіне арналған үкімет отырысын дайындау туралы тапсырма берді.
«Әлемде биыл бидай тапшы болды. Оған құрғақшылық пен биоотын түрткі болса, біз үшін жаңа мүмкіндіктер туып отыр…Бұл мәселелердің бәрін бірлесе отырып қарастыру керек (ауылды жерлерде қайта өңдеу өнідірісін дамыту, бидай экспорты) «, — деп ойын қорытындылады премьер-министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті