ҚР президенті есірткі трафигіне қатысты халықаралық тергеу жүргізуді ұсынады
![]() |
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мемлекеттері әлемдегі есірткі трафигінің көздерін анықтау үшін БҰҰ-ға жүгінуі тиіс, деп есептейді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. |
«ШЫҰ елдері жиынтық ұсыныспен БҰҰ басшылығы мен Гаага трибуналына шығуы тиіс деп ойлаймын. Халықаралық тергеу жүргізіп, адамзатқа қарсы осы қылмысқа қатысы бар барлық ұйымдар мен персоналарды жауапкершілікке тарту керек», - деді ол сәрсенбі күні ШЫҰ мерейлі саммиті барысында.
Н. Назарбаевтың мәліметтерінше, соңғы 10 жылда ауғандық героин мен есірткі трафигі ондаған есеге артып отыр.
«Әрине, адамзатқа қарсы осы сорақы қылмыстың қайнар көзі мен себептері Ауғанстаннан тыс жақта екені түсінікті де», - деді ҚР президенті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін