Түйіліс нүктесі Қазақ, Қырғыз және Қзбек ССР-і арасындағы әкімшілік-аумақтық шекара сызығы және оны реттейтін құқықтық құжаттар мен өзара келісілген картографиялық материалдар негізінде белгіленді. Түйіліс нүктесін ҚР үкіметінің қаулысымен 1999-жылдың 1-қыркүйегінде құрылған мемлекеттік шекара сызығын белгілеу жөніндегі үкіметтік комиссия айқындаған.
ҚР СІМ-нің мәліметіне сәйкес, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекаралардың түйіліс нүктесі Талас Алатауы жотасының Майдантал жотасымен түйісетін жеріндегі триангуляция тәсілімен анықталған 4131.1-ші белгі қойылған Чатангат нүктесі болып табылады.