ҚР президенті су тасқынынан зардап шеккен Сарыағаш ауданының Қызыл әскер кентінің тұрғындарымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР президенті су тасқынынан зардап шеккен Сарыағаш ауданының Қызыл әскер кентінің тұрғындарымен кездесті

ҚР президенті су тасқынынан зардап шеккен Сарыағаш ауданының Қызыл әскер кентінің тұрғындарымен кездесті

Шымкент. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев биыл көктемде су тасқынынан зардап шеккен Сарыағаш ауданының Қызыл әскер кентінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 26 Маусым 2008
  • 782
Фото - Caravan.kz

«Ақпан айында су тасқынынан кейін мен сол арада үкіметке тапсырма беріп, осында премьер-министрді жібердім», — деп еске салды елбасы.

Н. Назарбаев су тасқынының салдарын жою бойынша жасалған жұмыстарға жоғары баға беріп, ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың қосқан үлесін атап көрсетті.

Сонымен бірге, президент адам әзірге осындай құбылыстарға қарсы тұра алмайтынын атап өтті. «Табиғат апаттарынан ешкім де сақтандырылмаған. Биыл Қытайда көптеген адам жер сілкінісінің құрбандарына айналды. Естеріңізде болар, жер сілкінісі бізде, Луговойда да көптеген шығындар әкелген болатын», — деп еске салды ол.

Алайда, елбасының айтуынша, жер сілкінісі, су тасқыны сияқты апаттар халықтың ауызбіршілігін тексеру болып табылады. «Біздің бірлігіміздің арқасында бұл проблеманы жылдам шеше алдық. Адамдарға көмектестік, үйлерін су шайып кеткендерге қайтадан баспана тұрғыздық. Бірлік пен ауызбіршілік халқымызға кез келген қиыншылықтарды жеңіп шығуға көмектеседі», — деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті