«Дамуға, атап айтсақ, республикалық бюджеттен білім беру және денсаулық сақтау нысандарына бөлінген мақсатты трансферттер төмен деңгейде игерілу мүмкіндігі бар», — деді Б. Жәмішев.
Оның мәліметінше, 1 шілдедегі жағдаймен республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы билік органдарына мақсатты трансферттер мен несиелер түрінде 208 млрд 365 млн теңге аударылған. «Игеру деңгейі 189 млрд 758 млн теңге немесе 91,1% құрайды», — деді министр.
«Бірінші шілдедегі жағдаймен қаржыны игере алмау 18,6 млрд теңге болды, олар негізінен дамуға бөлінген мақсатты трансферттерге қатысты, ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегімен салыстырғанда игерілмеген қаржы көлемі 8 млрд 140 млн теңгеге ұлғайды», — деді министр.
Оның айтуынша, мақсатты трансферттеді игеру ахуалы бірінші тоқсанмен салыстырғанда әсіресе Астанада ( 6 млрд 112 млн теңгеге), Ақмола облысында (817 млн), Алматыда ( 775 млн), Батыс Қазақстан облысында (567 млн) және Оңтүстік Қазақстан облысында (198 млн теңгеге) нашарлаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті