ҚР қаржы министрлігі 2000-жылы шығарылған, жалпы сомасы 350 млн АҚШ доллары көлеміндегі еврооблигацияны өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР қаржы министрлігі 2000-жылы шығарылған, жалпы сомасы 350 млн АҚШ доллары көлеміндегі еврооблигацияны өтеді

ҚР қаржы министрлігі 2000-жылы шығарылған, жалпы сомасы 350 млн АҚШ доллары көлеміндегі еврооблигацияны өтеді

АСТАНА. 11 - мамыр. Kazakhstan Today. ҚР қаржы министрлігі 2000-жылы шығарылған, жалпы сомасы 350 млн АҚШ доллары көлеміндегі еврооблигацияны өтеді, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Мамыр 2007
  • 483
Фото - Caravan.kz

«Облигация құны республикалық бюджетте қаралған қаржы есебінен, яғни қосымша қаржыландырусыз жүзеге асырылды»,- делінген қаржы министрлігінің баспасөз қызметінің жұмада таратқан хабарламасында.

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2000 жылдың 3-наурыздағы «Халықаралық капитал нарығына салынатын мемлекеттік құнды қағаздардың эмиссиясы туралы» қаулысымен Қазақстан Республикасының қаржы министрлігіне халықаралық капитал нарығына салынатын жалпы сомасы 200 — 500 млн АҚШ долларына тең мемлекеттік құнды қағаздар эмиссиясын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ, оларды сатудан түскен ақшаны республикалық бюджетке аудару тапсырылған.

Жетекші менеджерлер ретінде «J.P. Morgan», «Deutsche Bank»компаниялары қатысты.

Құны 350 млн АҚШ доллары көлеміндегі мемлекеттік құнды қағаздар 98,347 пайыз дисконтты бағамен 7 жыл мерзіммен 2000 жылдың 11-мамырында шығарылған болатын. Сыйақы мөлшері — 11,125 пайыз, ол жыл сайын 11 мамыр мен 11 қарашада өтелуге тиіс.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті