«Қазір біз тиісті есеп-қисап жүргізіп жатырмыз, ақпан айының басында біз барлық кен өндірушілердің басын біріктіріп, салықты енгізу мәселесін талқылайтын боламыз(салық заңына пайдалы қазбаларды шығару үшін салық салуды енгізу мәселесі- ПҚШС)», — деді Д. Ерғожин.
Д. Ерғожиннің ақпараты бойынша «егер пайдалы қазбаларды шығаруға салық салу ұсынысы қабылданатын болса, онда мемлекетте, экономикадағы басқа секторлардың салығын азайтуға мүмкіндік туады «.
«Бұл жерде тепе-теңдік заңы орнығады, бір жерде салықты көбейтсек, екінші жақта оның мөлшері азайтылады. Осы тұрғыдан, мемлекеттік салық саясатының нақты басқарылып отырғаны жөнінде айтуға болады», — деді ол.
«Біздік пікірімізше, бұл салықтан түсетін қаржы мөлшері есебінен, экономиканың түрлі салада дамуына мүмкіндік береді», — деп ойын қорытындалады қаржы министрлігінің өкілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті