ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті 1 қазанға дейін мүлік және жер салықтарын төлеу қажеттігі жөнінде еске салады
Астана. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті 2008 жылдың 1 қазанына дейін мүлік және жер салықтарын төлеу қажеттігі жөнінде еске салады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. |
"Мүлік салығы мен жер салығын төлеу мерзімі салық салу нысанының тіркелген орны бойынша салық мерзімінің 1 қазанына дейінгі уақыт", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, салықты екінші деңгейлі банктердің немесе "Қазпошта" ААҚ барлық бөлімшелерінде төлеуге болады. "Қазпошта" ААҚ бөлімшелерінде төленген салықтан комиссия алынбайды. Сондай-ақ, салықты банкоматтар мен Интернет (Homebank) арқылы да төлеуге болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін