Жарияланды: 390

ҚР қорғаныс министрі мен Солтүстік Атлантикалық Альянс бас хатшысының орынбасары кавказ өңіріндегі ахуал жайлы талқылады

Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР қорғаныс министрі Даниал Ахметов пен Солтүстік Атлантикалық Альянс бас хатшысының орынбасары Клаудио Бисоньеро Астанада өткен кездесу барысында бүгін кавказ өңіріндегі ахуал жайлы талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан Кавказдағы ахуалға байланысты өз ұстанымын жария етті. Біз бұдан былайғы жұмыстар БҰҰ жарғысы мен ЕҚЫҰ іс-қызметінің аясында саяси диалог жолымен жүргізілуге тиіс деп санаймыз", -деді Д. Ахметов. "Біз осы шиеленіс Медведев пен Саркозидің келісімі шеңберінде реттеледі деп үміттенеміз", - деді министр. Еліміздің қорғаныс министрі Қазақстанның қазір екі жаққа бірдей қайырымдылық көмек көрсетіп отырғанын атап өтті. "Қазақстанның дәл осы Грузияда ауқымды инвестициясы бар. Сол себепті біз аталған шиеленістің реттелуінен аса мүдделі жақтың біріміз", - деді министр. Д. Ахметов сонымен бірге "Қазақстанның көпұлтты мемлекет екенін, сол себепті ұлтаралық, дінаралық келісім мәселелері республика үшін басымдықта екенін" атап өтті. "Қазақстанда осы тектес шиеленісті реттеудің жақсы үлгілері бар деп ойлаймын", - деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть