Жарияланды: 690

ҚР қорғаныс министрлігінде Ұлыбританияда әскери мамандық игеретін үміткер іріктеп алынды

ҚР қорғаныс министрлігінде Ұлыбританияның қарулы күштері Академиясында әскери мамандық игеретін үміткер іріктеп алынды. Бұл туралы бүгін, 23-маусымда ҚР қорғаныс министрлігінің халықаралық бағдарламалар орталығының бастығы Игорь Мухамедов KZ-today тілшісіне хабарлады.

И.Мухамедовтың айтуынша, Ұлыбританияға Мәскеу әскери университетінің курсанты болып табылатын қазақстандық Имиль Хакимов жіберілмек. Бұған дейін аталмыш университетте екі жыл оқыған Хакимов ҚР қорғаныс министрлігі мен Ұлыбританияның қарулы күштері Академиясының шешімімен ендігі жерде бір жарым жыл осы академияда оқитын болады. И.Мухамедовтың айтуынша, бұл - Ұлыбританияда офицерлік білім игеретін еліміздің бірінші азаматы болмақ. "Қазақстан қарулы күштері үшін бұл -істің бастамасы ғана. Қазір біз бір ғана курсантты жіберіп, оның елімізге қандай білім игеріп келетінін байқағымыз келеді. Егер бұл тәжірибе табысты болып жатса, Қазақстан мен Ұлыбритания қорғаныс министрліктері бірлесе отырып арнайы схема әзірлеп, сол арқылы Ұлыбританияда жыл сайын бірнеше Қазақстандық курсанттарды оқытуды жолға қоямыз",- деді И.Мухамедов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть