«Бүгінгі алқа мәжілісінде біз бірқатар көкейкесті мәселені талқылағалы отырмыз. Олардың бірі — №89427 әскери бөлімшеде қару-жарақтың қолды болуына алып келуге байланысты еліміздің аэроұтқыр әскерлердің әскери бөлімдерінде қару-жарақ пен оқ-дәрінің сақталуын қамтамасыз ету жағдайлары, ахуалы, оны ұйымдастыру жайы», — деді Д. Ахметов.
Ал ҚР Қорғаныс министрлігінің штаб бастықтары комитетінің төрағасының орынбасары Нұрлан Жоламанов журналистерге берген сұхбатында «көршілес Өзбекстандағы секілді оқиғаға жол бермеу үшін» қорғаныс мекемесі бірінші кезекте қару-жарақ пен оқ-дәрінің сақталуына жағдай жасайтынын атап өтті.
«Ең алдымен ұйымдастыру сипатындағы шаралар қолданылады, сондай-ақ, біз қару-жарақ пен оқ-дәрі қоймаларының, күзет және өрт дабылы жүйесінің жағдайын жақсартуға, қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталатын жерлерде өртке және арандатушылыққа қарсы жағдайлар жасауға қосымша бюджет қаржысын бөлетін боламыз», — деді комитет төрағасы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті