ҚР Қорғаныс министрлігінің шығындары 2009 - 2011 жылдары Жалпы ішкі өнімнің 1% асады - Сұлтанов
Алматы. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қорғаныс министрлігінің шығындары 2009 - 2011 жылдары Жалпы ішкі өнімнің 1% асады. Бұл туралы бүгін "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының Қазақстан парламентінің мәжілісіндегі тұсаукесері барысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Президенттің жарлығымен 2007 жылдың 21 наурызында бекітілген әскери доктринаға сәйкес, ҚР Қорғаныс министрлігінің шығындары 2009 - 2011 жылдары Жалпы ішкі өнімнің 1% кем түспейді деп айқындалған", - деді Б. Сұлтанов.
Жалпы алғанда 2009 - 2011 жылдары ол 629,5 млрд теңгені құрауға тиіс.
"Соның ішінде 2009 жылғы шығындар 179,7 млрд теңге, 2010 жылы - 208,5 млрд теңге, 2011 жылы - 241,3 млрд теңге болмақ", -деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін