ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мемлекеттік органдарға Киото хаттамасын ратификациялаудың пайдалығы жөнінде қорытындаларын жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі  мемлекеттік органдарға Киото хаттамасын ратификациялаудың пайдалығы жөнінде қорытындаларын жіберді

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мемлекеттік органдарға Киото хаттамасын ратификациялаудың пайдалығы жөнінде қорытындаларын жіберді

Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (ҚОҚМ) мемлекеттік органдарға Киото хаттамасына қол қоюдың маңыздылығы жөнінде қорытындыларын жіберді. Бұл жөнінде бүгін ҚР ҚОҚМ тұрақты даму және ғылыми-сараптамалық қамсыздандыру департаметі директоры Болат Бекниязов министрлікте өткен коллегияда айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Қараша 2007
  • 496
Фото - Caravan.kz

«Биылғы жылы компьютерлік модулін пайдалана отырып, министрлік экономикалық дамудың түрлі жағдайын ескеру негізінде ауаға парник газдардың шығарылуын жоспарлап модельдеді «, — деді Б. Бекнияз.

«Бұл есептердің қорытындысы мен Қазақстанның Киото хаттамасын ратификациялаудың маңыздылығы жайында қорытындысы мемлекеттік органдардың келісіміне жіберілді «, — деді ол.

Киото хаттамасы бойынша, 106 елге ауаға парниктік газдарын шығаруға шектеу қойылған. Киото құжаты 1992 жылы , 190 мемлекеттің БҰҰ климаттың өзгеруі туралы конвенциясына қол қоюы арқылы қабылданды. Құжат Жапонияда Киото қаласында өткен конференцияда бірнеше мемлекет ауаға шығаратын парниктік газдар көлемін қысқарту туралы міндеттемелерін алған кезде өзінің бүгінгі атауына ие болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті