ҚР СІМ АҚШ-та қаза тапқан қазақстандық студенттің мәйітін Отанына жеткізуге көмектеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ АҚШ-та қаза тапқан қазақстандық студенттің мәйітін Отанына жеткізуге көмектеседі

ҚР СІМ АҚШ-та қаза тапқан қазақстандық студенттің мәйітін Отанына жеткізуге көмектеседі

 ҚР Сыртқы істер министрлігі 2015 жылы 4 ақпанда АҚШ-тың Висконсин штатында болған жол-көлік апатында қаза тапқан 1998 жылдың тумасы  ҚР азаматы Тим Бекшентаевтың жанұясы мен туғандарына көңіл айтады.

  • 5 Ақпан 2015
  • 493
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, Т.Бекшентаев отырған көлік бұрылатын жерде бірнеше рет аударылып, ағашқа соғылған.

ҚР СІМ-не қаза тапқан азаматтың туыстары оның мәйітін Отанға қайтару өтінішімен барған.  Сыртқы істер министрлігі бұл істе қолынан келгенін жасайтынын айтты. Нью-Йорктегі ҚР Бас консулдығының қызметкерлері жол-көлік апатының мән-жайын анықтап, жапа шеккен азаматтың мәйітін Қазақстанға тасымалдау үшін қажетті құжаттарды әзірлеуде.