ҚР СІМ АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы А.Сейдахметовке қатысты түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы А.Сейдахметовке қатысты түсініктеме берді

ҚР СІМ АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы А.Сейдахметовке қатысты түсініктеме берді

ҚР СІМ баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов Қазақстан азаматы А.Сейдахметовтің тұтқындалуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарланған аталмыш ведомствоның сайтында.

  • 26 Ақпан 2015
  • 430
Фото - Caravan.kz

«ҚР Сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттарында «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымымен байланысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы Ахрор Сейдахметовтың ұсталғаны туралы хабардар», делінген хабарламада.

Министрлікке келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтық тұлғалар базасында шын мәнінде 1995 жылы 26 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген, ұлты өзбек Сейдахметов Ахрор Абрарұлы деген азамат тіркелген. 2011 жылдың қазан айында 16 жасында ол Өзбекстанға кетіп, содан бері Қазақстанға қайтып оралмаған.

«ҚР Нью-Йорктегі Бас консулдықта консулдық есепте тұрмаған. Қазіргі таңда А.Сейдахметовтің өзі де, оның туыстары да қандай да бір көмек көрсету туралы өтініш білдірмеген. Мұндай өтініш болған жағдайда, оған тиісті консулдық-құқықтық қолдау көрсетілетін болады. Жалпы, Қазақстан халықаралық қауымдастықтың, оның ішінде Құрама Штаттарының, экстремизм мен «Ислам мемлекеті» атты ұйымымен күресіне бағытталған күш-жігерін қолдайды. Біз аталған істі тергеуде АҚШ билігіне жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз», деп атап өтілген ҚР СІМ хабарламасында.