ҚР СІМ басшысы ЕО-ға мүше мемлекет елшілерімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ басшысы ЕО-ға мүше мемлекет елшілерімен кездесті

ҚР СІМ басшысы ЕО-ға мүше мемлекет елшілерімен кездесті

ҚР СІМ министрі Ержан Қазыханов Еуро одаққа мүше мемлекет елшілерімен кездесті, деп сейсенбі күні ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Шiлде 2011
  • 717
Фото - Caravan.kz

«Еуропалық бағыт — Қазақстан үшін ерекше маңызды, Астана Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты сапасынан жаңа сатыға шығаруға үміт артуда, оны ҚР мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген ынтымақтастық жөніндегі жаңа негізгі келісім де куәландырады. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қа зыханов Қазақстанда тіркелген Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің елшілерімен кездесуі барысында атап өтті.

Ү.ж. 27 маусымда Брюссель қаласында Қазақстан-Еуроодақ Ынтымақтастық кеңесінің кезекті отырысының сәтті өткені — мәлім. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген ынтымақтастық жөніндегі жаңа негізгі келісім бойынша келіссөздерді ресми түрде өткізе бастау кездесудің басты қорытындысы болып табылады. Жақын арада тараптардың позициялық құжаттармен алмасуы, сонымен қатар қазан айында Астанада келіссөздердің бірінші раунды күтілуде.

Кездесу кезінде мемлекетіміздің Еуропалық Одақ елдерімен ынтымақтастықтың жоғары динамикасы мен қоса жоғар� �ы және аса жоғары деңгейдегі ресми сапарлармен тұрақты алмасу ерекшелігі аталды. «Еуропаға жол» 3-жылдық мемлекеттік бағдарламасының арқасында Еуропалық Одақ Қазақстан үшін < span class="scayt-misspell" data-scayt_word="сауда" data-scaytid="437">
сауда және инвестициялық жетекші әріптесі ретінде маңызды орынға иеленді. Жалпы еліміз сыртқы сауда айналымының 47 пайызы мен Қазақстанға тартып отырған инвестициясының үштен бір бөлігі Еуропалық Одақ еншісінде. 2010 жылы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда айналым $38,0 млрд. АҚШ долларын құрады (2009 жылға қарағанда — $28,8). 2003 жылдан бастап Қазақстанның экономикасына Еуропалық Одақтан тікелей құйылған инвестициялардың жалпы соммасы $52 миллиардты құрады, соның iшiнде 2010 жылы- $10,8 АҚШ доллары.

2008 жылы Қазақстан мен Франция арасында, сонымен қатар 2009 жылы Италия мен Испания елдері арасында Стратегиялық әріптестік туралы келісім шарттарына қол қойылған. Әрiптестiк шеңберiнде келешек< /span> үшін Германиямен 2009 жылы үкіметаралық iс-қимыл бағдарламасына қол қойылған, 2010 жылы Қазақстанда Германияның жылын ойдағыдай өткізідік.

Е.Қазыханов атап өткендей, Еуропалық одақтың стратегиясы шеңберiнде Орталық Азия үшiн маңызды потенциал болып аймақтық ынтымақтастықты белгіледі. Министрлер немесе олардың орынбасарлары деңгейінде жыл сайын қауiпсiздiк форматындағы «Еуропалық Одақ — Орталық Азия елдері» атты форумын және әр түрлi тақырыптағы бағыттар бойынша өткiзу тәжiрибесiн қайта өткізіуді бастауға болар едi.

ҚР Сыртқы істер министрі кездесу барысында әңгiмелесушiлерге Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымында төрағалығы мен жақында Астанада өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының сыртқы істер министрлерінің кезекті 38-ші сессиясының қортындысымен таныстырып, Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесіне еліміздің алдағы төрағалығына қатысты Астананың басты басымдылықтарын баяндап бердi.

Министр айтып өткендей, «Ислам Ынтымақтастық Ұйымы шеңберiнде біз өз қуатымызды халықаралық және аймақтық қауiпсiздiктi күшейтуге, әлеуметтiк мәселелердi дамытуға және шешуге ықпалдасуға, цивилизацияаралық диалогті жылжытуға, Ислам әлемi мен Батыс арасындағы конструктивтiк өзара әрекетті қамтамасыз етуге, исламофобияға қарсы күресу мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимдерін күшейтуге бағыттаймыз.

Ислам елдерімен арамыздағы көпқырлы ынтымақтастықтығымыз нығая түсуде, әділеттілік принциптеріне негізділген, барлық қауымдастық алдында жалпы сындар алдындағы мемлекеттер теңдігі алдағы уақытта да халықаралық жүйенің сақталуына өз ықпалын тигізетіндігіне сенімдіміз. Кезекпен өтіп жатқан біздің 2010 жылғы ЕҚЫҰ-дағы төрағалығымыз және 2011 жылдағы Қазақстаның Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі Батыс пен мұсылман өркениетін таным етуде, екі ұйымның жақындасуына сәтті мүмкіншілік деуге болады, — деді Е.Қазыханов.

Кездесу барысында маңызды халықаралық проблемалармен қоса Ауғаныстан жағадайы және келешектегі Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтар қарастырылды.

Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің басшысы Норбер Жустен мен Қазақстанда тіркелген Еуропалық Одақ мемлекетіне мүше елдердің басшылары кездесуге қатысқан болатын, делінген ҚР СІМ сейсенбі күні таратқан хабарында.

Соңғы жаңалықтар