Жарияланды: 370

ҚР СІМ басшысы ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілерімен алдағы саммиттің күн тәртібін талқылады

ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Шанхай ынтымақтастығы ұйымына (ШЫҰ) мүше-мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілерін қабылдады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында ұлттық үйлестірушілер министрді 10-12 маусымда өткен ұлттық үйлестірушілер кеңесі отырысының қорытындысымен таныстырып, Астанада өтетін саммиттің күн тәртібіне дайындық барысын талқылады, ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер басшыларының кездесулерінде қол қоюға ұсынылған құжаттарды қарады, делінген дүйсенбі күні таратылған ақпаратта. Кейін министрлікте ШЫҰ ұлттық үйлестірушілері мен бас хатшысы Мұратбек Иманәлиевтің қатысуымен «Қазақстан: ел және адамдар», «ШЫҰ-ға 10 жыл» кітаптарының тұсаукесері өтті. Сонымен бірге, Е.Қазыханов республикада өз миссиясын аяқтаған Эстония елшісі Марина Кальюрандқа Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің құрмет грамотасын тапсырды. Эстония дипломатына қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының марапаты «қазақстандық-эстониялық ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін» беріліп отыр, делінген ақпаратта.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін