ҚР СІМ ядролық қару таратпау туралы келісімге қатысты БҰҰ конференциясына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.52
  • 553.75
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ ядролық қару таратпау туралы келісімге қатысты БҰҰ конференциясына қатысады

ҚР СІМ ядролық қару таратпау туралы келісімге қатысты БҰҰ конференциясына қатысады

Бүгін, 3-мамырда Қазақстан сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев ядролық қаруды таратпау жөніндегі БҰҰ-ның шолу конференциясына қатысу үшін Нью-Йоркке келді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Мамыр 2005
  • 539
Фото - Caravan.kz

Осы мәртебелі форум аясында 4-мамырда қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының басшысы жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселесі бойынша еліміздің ұстанымдарын баяндап сөз сөйлейді.

Сондай-ақ сапар барысында Қ.Тоқаев БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанмен, Австралия, Иран, Малайзия, Люксембург және басқа елдердің сыртқы саясат ведомстволарының басшыларымен кездеседі деп жоспарланған.