Жарияланды: 540

ҚР Сыртқы істер министрі ИЫҰ СІМК 38-ші сессиясының жұмысы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Ислам Ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді,

деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылы Бруней Даруссаламға сапарын ұйымдастыру мәселесі осы елдің сыртқы саясат ведомствосының басшысы, ханзада Мохамед Болкиахпен болған кзедесу барысында талқыланды. Бахрейн сыртқы істер министрі, шейх Халит Ахмет Әл-Халифамен болған кездесу қорытындысы бойынша екі ел сыртқы істер министрлері арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Ауғанстан сыртқы істер министрі Залмай Расулмен болған кездесуде Қазақстанның қатысуымен Ауғанстаның экономикалық оңалуы және аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Индонезия сыртқы істер министрі Марти Наталегавамен өткен кездесуде ынтымақтастықтың аймақаралық аспектілері сөз болды. Әзербайжан сыртқы істер министрі Эльмар Мамедьяровпен болған кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы қаралды. Австралия сыртқы істер министрі Кевин Радпен болған кездесуде тараптар аймақтық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселесін қарады. Австралия сыртқы істер министрі Алматы қаласында өз елінің сауда өкілдігін ашу ниеті туралы хабарлады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін