Бұл туралы президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.
"Бүгін, 27 қаңтар күні Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Литва Республикасына сапары басталды. Ол Вильнюсте Литва президент мен Сыртқы істер министрімен кездеспек», — деп ресми өкіл бүгін Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
А.Әбибулааевтың айтуынша, 28 қаңтар күні Будапеште Е.Ыдырысов «Қазақстан мен Еуропа одағы арасындағы әріптестікті нығайту» тақырыбында халықаралық семинар жұмысына қатысады,с ондай-ақ Венгрия басшылығымен бірқатар кездесулер өткізеді.
29 қаңтарда Е.Ыдырысов Латвияға ресми сапармен бармақ. Ригада осы ел президентімен және сейм төрағасы мен Латвия сыртқы істер министрімен кездесу жоспарланған.