Жарияланды: 320

ҚР ТЖМ: Қараңғы кеште басталған өрт екі ер адамға ажал құштырды

Талдықорған қаласында қараңғы кеште жекеменшік тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Үш шаршы метр аумаққа тараған өрт жарты сағаттан кейін сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 2 техника бірлігі жұмылдырылды. Оқиға орнында екі 50 жастағы ер адамның мүрделері анықталды. Бұдан басқа, Павлодар облысының Екібастұз қаласындағы «Екібастұз и К» ЖШС-нің ет өңдеу комбинатында термиялық өңдеу цехындағы жылытқыш өртеніп, оның соңы шатырдың жарым-жартылай құлауына соқтырды. Өрт 3,5 сағаттан кейін жойылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Павлодар облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 38 адамы мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды. Жалын 800 шаршы метр аумаққа тарады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін