ҚР үкімет басшысы мен "ЛУКОЙЛ" ААҚ-ның президенті "Хвалынское", "Центральная", "Түпқараган" және "Қазақстан" кеніштерін игеру жобаларының жүзеге асырылуы туралы талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкімет басшысы мен "ЛУКОЙЛ" ААҚ-ның президенті "Хвалынское", "Центральная", "Түпқараган" және "Қазақстан" кеніштерін игеру жобаларының жүзеге асырылуы туралы талқылады

ҚР үкімет басшысы мен "ЛУКОЙЛ" ААҚ-ның президенті "Хвалынское", "Центральная", "Түпқараган" және "Қазақстан" кеніштерін игеру жобаларының жүзеге асырылуы туралы талқылады

Бүгін, 13-қазанда ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов "ЛУКОЙЛ" ААҚ-ның президенті Вагит Алекперовты қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Қазан 2003
  • 538
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық келісімге сәйкес «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ мен «ЛУКОЙЛ» ААҚ бірлесіп жүзеге асыратын Каспий теңізіндегі мұнай кеніштерін игеруге бағытталған бірқатар бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы талқылады.

Атап айтсақ, онда «Хвалынское», «Центральная», «Түпқараган» және «Қазақстан» (ресейліктер «Достық» деп атайтын) кеніштерін игеру жобаларының жүзеге асырылуы сарапқа салынды.
Ынтымақтастық аясын кеңейту жолдары туралы әңгіме барысында Д.Ахметов Қазақстан тарапынан Ресейлік компаниялардың, соның ішінде «ЛУКОЙЛ» ААҚ-ның Газ жобасы деп аталатын жобаға атсалысуына мүдделілік танытылып отырғанын хабарлады. Қарашығанақ мұнай кенішін игеру барысында жүзеге асырылатын аталмыш жоба аясында газ өңдеу зауыты мен өңделген газды тұтынушыға жеткізу үшін көгілдір отын тасымалдауға арналған құбыр тарту көзделіп отырғаны белгілі.
Өз кезегінде В.Алекперов «ЛУКОЙЛдың» аталмыш жобаға атсалысу мүмкіндігін қарап көруге әзірлік таныта отырып, компания сарапшылары қазіргі сатыда жұмыс тобының қам-қарекеттеріне қосыла алатынын атап көрсетті. Ал жұмыс тобы қазір жобаны жүзеге асырудың техникалық, қаржылық және коммерциялық мүмкіндіктерін зерттеу үстінде.