ҚР үкіметі ауылшаруашылығы өнім өндірушілеріне арнап жанар-жағармайды арзандатуға бағытталған бағдарлама жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 439.4
  • 473.54
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкіметі ауылшаруашылығы өнім өндірушілеріне арнап жанар-жағармайды арзандатуға бағытталған бағдарлама жасады

ҚР үкіметі ауылшаруашылығы өнім өндірушілеріне арнап жанар-жағармайды арзандатуға бағытталған бағдарлама жасады

Республика үкіметі көктемгі егістік науқанына арнап арзандатылған жанар-жағармай өндіру үшін 5,4 млн. тонна мұнай бөлгелі отыр. Бұл туралы бүгін, 5-сәуірде парламенттегі "үкіметтік сағатта" сөз сөйлеген ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник хабарлады.

  • 5 Сәуiр 2004
  • 389
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бұл мұнайдан 2,7 млн. тонна дизельдік отын (қажеттілік 2,6 млн. тонна), 3,15 млн. тонна мазут (қажеттілік мөлшері 2,1 млн. тонна) дайындалады.

В.Школьник сондай-ақ, республикамызда 1-наурыз бен 1-маусым аралығында дизельдік отын шығаруға тыйым салынғанын еске салды.
Оның ақпараты бойынша, жанар-жағармайды арзандатуға бағытталған бағдарлама аясында Атырау мұнай өңдеу зауытынан босатылатын дизельдік отынның бір тоннасы 19307 теңге, ШМӨЗ өнімі 19608 теңге, Павлодар мұнай өңдеу зауытының өнімі 25 мың теңге болмақ.
Министрдің хабарлауынша, қазіргі таңда «республикалық зауыттардағы дизельдік отын қалдығы 83 мың тоннаны, жанармай қалдығы 142 мың тоннаны құрайды». Жалпы алғанда, көктемгі егіс науқанына еліміз бойынша 300 мың тонна дизельдік отын қажет.
Министр тұқым себу науқаны кезінде мұнай өңдеу зауыттары «тұрақты жұмыс істейтін болады» деп әуде берді.

Соңғы жаңалықтар