Жарияланды: 710

ҚР үкіметі БАҚ-тарға жеңілдетілген салық салу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес газет-журнал өнімдерін өндіру және сатуға жеңілдетілген салық салу мерзімі бір жылға ұзартылды",- деп мәлімдеді бүгін, 19-қарашада мәжілістің жалпы отырысы барысындағы үзілісте журналистер сұрақтарына жауап берген ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов.

Атап айтсақ, ол : "газет-журнал өнімдерін өндіру және сату қосалқы құн салығынан да босатылады",- деп мәлімдеді. Сондай-ақ, "телеарналар мен радиолар үшін қосалқы құн салығы 0-дік ставка бойынша алынады". Осы орайда министр БАҚ-тар үшін жеңілдік мерзімі тек 1 жылға ғана ұзартылғанын атап көрсетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін