ҚР үкіметі генетикалық өзгертілген объектілердің айналым ережесін бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкіметі генетикалық өзгертілген объектілердің айналым ережесін бекітті

ҚР үкіметі генетикалық өзгертілген объектілердің айналым ережесін бекітті

Алматы. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР үкіметі генетикалық өзгертілген объектілердің айналым ережесін бекітті. Қазақстан аумағындағы ГӨО айналымын реттеу туралы үкімет қаулысы ресми баспасөзде жарияланды.

  • 3 Шiлде 2008
  • 780
Фото - Caravan.kz

ГӨО айналымы ретінде ГӨО импортын қамтитын сату немесе жеткізу процестері (сатылары), сондай-ақ, сонымен байланысты өлшеп орау, буып түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау түсінілетіні құжатта анықталған.

Ережеге сәйкес, республика аумағында ГӨО айналымына тек олардың қауіпсіздігі ғылыми негізделген түрде расталған және мемлекеттік тіркеуге алынған жағдайда ғана жол беріледі. Ол ҚР заңында көрсетілген тәртіпте жүзеге асырылады.

Қаулыда ГӨО айналымы Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңымен және ҚР Экологиялық кодексімен реттелетіні атап көрсетілген.

«ГӨО-ны Қазақстанға енгізу (импорт) және ҚР аумағында сатуға тек олар мемлекеттік тіркеуге алынғаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Оның тек тіркеулік сынақ жүргізу үшін қажетті үлгілердің импортына ғана қатысы жоқ», — деп көрсетілген ережеде.

ҚР заңында көрсетілген тәртіпте берілген ГӨО-ны мемлекеттік тіркеу құжаты ҚР мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттеріндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылаумен айналысатын лауазымды тұлғаларға ұсынылады.

«Өлшеп орау мен буып түю әдістері, сондай-ақ, ГӨО айналымы кезінде пайдаланылатын буып түю материалдары Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңында белгіленген талаптарға сәйкес олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі шарт», — деп айтылады құжатта.

Ережеде Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңында белгіленген ақпараттан өзге тамақ өніміндегі ГӨО барлығы және көлемі жөніндегі мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде құжаттарда, ескертпеде, жапсырмада, этикеткада, контрэтикеткада, кольереткада, стикерде көрсету жөніндегі талап бар.

Сонымен қатар, ГӨО айналымы кезінде пайдаланылатын көлік құралдарында санитарлық төлқұжат болуы тиіс. Ал ГӨО сатылуы Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңында белгіленген талаптарға сай ішкі сауда нысандарында жүзеге асырылуы керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті