ҚР үкіметі парламентте келісім-шарттары ратификацияланбаған жер қойнауын пайдаланушыларға кедендік баж салығын төлеуді міндеттеуді жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкіметі парламентте келісім-шарттары ратификацияланбаған жер қойнауын пайдаланушыларға кедендік баж салығын төлеуді міндеттеуді жоспарлап отыр

ҚР үкіметі парламентте келісім-шарттары ратификацияланбаған жер қойнауын пайдаланушыларға кедендік баж салығын төлеуді міндеттеуді жоспарлап отыр

Астана. 3 мауысм. "Қазақстан Бүгін" - ҚР үкіметі 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап парламентте келісім-шарттары ратификацияланбаған барлық жер қойнауын пайдаланушыларға экспорттық кеден баж салығын төлеуді міндеттеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін сенаттың жалпы отырысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Маусым 2008
  • 422
Фото - Caravan.kz

«Егер жаңа Салық кодексі қолдау тапса, Қазақстанда жер қойнауын пайдаланатын кез-келген компанияның келісім-шарттары парламентте ратификацияланбаса, ондай компаниялар 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалы қазба байлықтарын шығарғаны үшін салықтар мен экспорттық кедендік баж салығын төлейтін болады», -деп мәлімдеді К. Мәсімов.

«Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу бұған дейін қол қойылып бекітілген келісім-шарттардан бұрын, бірінші кезекте жаңа Салық кодексінде қарастырылған баптармен реттелетін болады», -деді К. Мәсімов.

Ол түсіндіргеніндей, «парламент жаңа Салық кодексін қолдаса, келесі жылы үкімет бұл мәселені қайта қарап, экспорттық баж салығын төлейтін қатысушылардың тізімін кеңейтеді».

«Бүгінгі күні пайдаланылып отырған заңға енгізілген кедендік баж салығы компаниялардың 30 пайызына қолданылып отыр, өйткені кедендік баж салығы үкімет қаулысымен енгізілді. Сондықтан жылдың аяғына дейін мұндай ереже сақталатын болады», — деп түсіндірді К. Мәсімов.

«Егер сіздер жаңа Салық кодексіне қолдау көрсететін болсаңыздар, онда 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап жағдай түбегейлі өзгеретін болады», — деді премьер-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті