ҚР үкіметі Қашағандағы мұнайдың коммерциялық өндірілуінің басталуын 2013 жылға шегеруге келісті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкіметі Қашағандағы мұнайдың коммерциялық өндірілуінің басталуын 2013 жылға шегеруге келісті

ҚР үкіметі Қашағандағы мұнайдың коммерциялық өндірілуінің басталуын 2013 жылға шегеруге келісті

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі Қашағандағы мұнайдың коммерциялық өндірілуінің басталуын 2013 жылға шегеруге келісті. Бұл туралы сенбі күні үкімет отырысында сөз алған энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 30 Маусым 2008
  • 328
Фото - Caravan.kz

«Кеше меморандумға қол қойылды. Оған сәйкес біз коммерциялық өндірудің басталуын 2013 жылға шегеруге келістік. Егер өндіру 2013 жылдың 1 қазанынан кейін іске асатын болса, консорциумның шығындарына Қазақстан өтемақы төлемейді», — деді С. Мыңбаев. Министр коммерциялық өндіру мерзімінің соңғы рет шегеріліп тұрғанына үміт білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті