ҚР үкіметі шағын және орта бизнесті қолдауға қосымша 160 млрд теңге бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкіметі шағын және орта бизнесті қолдауға қосымша 160 млрд теңге бөледі

ҚР үкіметі шағын және орта бизнесті қолдауға қосымша 160 млрд теңге бөледі

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі шағын және орта бизнесті қолдауға қосымша 160 млрд теңге бөледі. Бұл туралы сенбі күні Астанада үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 30 Маусым 2008
  • 489
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысының түсіндіруінше, Алматы және Астана қалаларында орналасқан шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіруге «Қазына» қоры арқылы 50 млрд теңге бөлінеді. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктер 12,5 пайыздық мөлшерлемемен тағы 50 млрд теңге бөледі. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 2 млрд теңге, тағы әр облысқа республикалық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінбек.

«Осылайша, қосымша 56 млрд теңге өңірлердегі шағын және орта бизнесті несиелендіруге бағытталады», — деп түсіндірді К. Мәсімов.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға да арнайы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіруге 4 млрд теңге бөлу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті