«Бұл процесс басталды. Мемлекет басшысы алдымызға міндет қойды. Ендігі мәселе — біздің мұны қашан және қалай жасайтындығымызда ғана», — деп атап көрсетті ол.
«Табысты жалпыға бірдей табысты декларацияда көрсетуді енгізу бойынша шаралар кешенін саты-сатысымен жасап шығару жауапкершілігі Қаржы министрлігі мен Салық комитетінің мойнына жүктелген. Оның үстіне, жаңа Салық кодексінде біз бір мәртелік талондардың екі жылдан кейін күші жойылады деп белгіледік. Осы уақыт ішінде біз осы талондардың орнын не басатынына, дербес жұмыс істейтін халықтың қалай басқарылатынына байланысты барлық мәселелерді реттеуіміз керек», — деп атап көрсетті үкімет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті