ҚР Ұлттық банкі 4 ескерткіш және 3 мерейтойлық монетаны айналымға шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ұлттық банкі 4 ескерткіш және 3 мерейтойлық монетаны айналымға шығарды

ҚР Ұлттық банкі 4 ескерткіш және 3 мерейтойлық монетаны айналымға шығарды

ҚР Ұлттық банкі 4 ескерткіш және 3 мерейтойлық монетаны айналымға шығарды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. 

  • 7 Тамыз 2015
  • 435
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 7 тамыздан бастап номиналдық құны 50 теңгелік, нейзильбер қоспасынан «Дала қазынасы» монеталар сериясынан «Тайқазан», «Ғарыш» монеталар сериясынан «Буран», «Қазақстанның қалалары» монеталар сериясынан «Қызылорда» және «Орал» ескерткіш монеталарын, сондай-ақ үш мерейтойлық монетаны айналысқа шығарады. 
Нейзильбер қоспасынан жасалған диаметрі 31 мм, салмағы 11,17 грамм болатын «Тайқазан» ескерткіш монеталарының таралымы 100 мың дана.
Нейзильбер қоспасынан «Буран» ескерткіш монеталарының да диаметрі 31 мм, массасы 11,17 грамм, таралымы 100 мың дана. «Ғарыш» монеталар сериясынан «Буран» ескерткіш монетасы ғарышты зерттеу және ғаламның құпияларын тану тарихындағы айтулы оқиғаларға арналған серияны жалғастыратын нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың тоғызыншы жұбы болып табылады. «Буран» «Энергия-Буран» бағдарламасы шеңберінде құрылған, кеңестік көп реттік көліктік ғарыш жүйесінің орбиталық ғарыш кемесі. Өзінің алғашқы және жалғыз ғарышқа ұшуын «Буран» пилотсыз режимде 1988 жылғы 15 қарашада жүзеге асырды. Бұл факті  ғарышқа ғарыш аппаратының ұшуы және оның борттағы компьютердің басқаруымен Жерге автоматты түрде қонуы Гиннесстің рекордтар кітабына енді. Ғарыш кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан «Энергия» тасымалдауыш-зымыранының көмегімен ұшырылды.
Нейзильбер қоспасынан жасалған «Қызылорда», «Орал» ескерткіш монеталарының диаметрі 23 мм, массасы 4,71 грамм, әрбіреуінің таралымы 50 мың дана.
Сондай-ақ Ұлттық банк номиналдық құны 50 теңге, нейзильбер қоспасынан «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «2015 — Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» мерейтойлық монеталары және номиналдық құны 500 теңгелік, «proof» сапасымен «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан «2015 — Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» мерейтойлық күміс монеталарын айналысқа шығарады.


Ескерткіш монеталардың бет жақтарындағы (аверсіндегі) бейнелері бірдей. Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрышты розетка, төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек.
Нейзильбер қоспасынан «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық монеталарының диаметрі 31 мм, массасы 11,17 гр, таралымы 50 мың дана.
Номиналы 50 теңгелік және 500 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Ескерткіш және мерейтойлық монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.
Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.
Нейзильбер қоспасынан жасалған «Тайқазан», «Буран» ескерткіш монеталарының және «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «2015 Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» ескерткіш монеталарының алты мың данасы жақсартылған сапамен дайындалды және арнайы пластикалық термовакуумды ораумен сатуға арнап шығарылды.
«Қызылорда» және «Орал» ескерткіш монеталарының бір мың данасы жақсартылған сапамен дайындалды және арнайы пластикалық термовакуумды ораумен сатуға арнап шығарылды.