ҚР Ұлттық банкі Qazaq Banki мен "Эксимбанк Қазақстанды" лицензиясынан айырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ұлттық банкі Qazaq Banki мен "Эксимбанк Қазақстанды" лицензиясынан айырды

ҚР Ұлттық банкі Qazaq Banki мен "Эксимбанк Қазақстанды" лицензиясынан айырды

Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайтында хабарланды.

  • 28 Тамыз 2018
  • 14
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі "Эксимбанк Қазақстан" АҚ мен "Qazaq Banki" АҚ-ты лицензиясынан айырды, деп хабарлайды Today.kz Ұлттық банктің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 172 қаулысына сәйкес "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-ты "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының г), з), м-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша пруденциялық нормативтерді, нормативтік құқықтық актілерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзғаны, сондай-ақ Банктің ірі қатысушысының уәкілетті органның қосымша капиталдандыру жөніндегі талаптарын орындамағаны үшін банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Банкке 2017 жылғы 18 қаңтарда берген № 1.2.48/232 лицензиядан 2018 жылғы 28 тамыздан бастап айыру туралы шешім қабылданды", – делінген хабарламада.  

Банктің активтері мен міндеттемелерінің банк секторының активтері мен міндеттемелеріндегі үлесінің төмен болуына байланысты (0,2%) Банкті лицензиядан айырудың басқа қаржы ұйымдар үшін тәуекелдері болмайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 325 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған Банктің барлық басқару органының өкілеттіктері өтті. Уақытша әкімшілік сот тарату комиссиясын тағайындағанға дейін жұмыс істейтін болады.

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға, Банкке түскен ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және Банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операция 2018 жылғы 28 тамыздан бастап тоқтатылды.

Ұлттық банк Qazaq Banki АҚ-ты да лицензиядан айырды. 


"8 жылғы 28 тамыз Алматы қ. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 171 қаулысына сәйкес "Qazaq Banki" АҚ-ты "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының в) және г) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлем және аудару операциялары бойынша шарттық міндеттемелерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ішінде үш және одан да көп рет) тиісінше орындамағаны және пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзғаны үшін банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Банкке 2018 жылғы 27 шілдеде берген № 1.2.204/37 лицензиядан 2018 жылғы 28 тамыздан бастап айыру туралы шешім қабылданды", – делінген хабарламада. 

Банктің активтері мен міндеттемелерінің банк секторының активтері мен міндеттемелеріндегі үлесінің төмен болуына байланысты (0,8%) Банкті лицензиядан айырудың басқа қаржы ұйымдар үшін тәуекелдері болмайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 326 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған Банктің барлық басқару органының өкілеттіктері өтті. Уақытша әкімшілік сот тарату комиссиясын тағайындағанға дейін жұмыс істейтін болады. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға, Банкке түскен ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және Банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операция 2018 жылғы 28 тамыздан бастап тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар