ҚР Ұлттық банкі теңгенің долларға шаққандағы дәлізін 198 теңгеге дейін кеңейтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ұлттық банкі теңгенің долларға шаққандағы дәлізін 198 теңгеге дейін кеңейтті

ҚР Ұлттық банкі теңгенің долларға шаққандағы дәлізін 198 теңгеге дейін кеңейтті

ҚР Ұлттық банкі теңгенің долларға шаққандағы дәлізін 1 доллар үшін 198 теңгеге дейін кеңейтті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті. 

  • 15 Шiлде 2015
  • 705
Фото - Caravan.kz

«Елдегі валюта саясаты екінші жартыжылдықта өзгермейді. Біздің ойымызша, валюталық дәліз бүгінгі таңда оңтайлы деңгейде. Бірақ қазіргі уақытта доллар бағамы белгіленген межеден сәл асып кеткендіктен, бүгінде биржада доллар бағамы 180 теңгеден жоғары, осы ретте біз валюта саясатының ортамерзімді таргеттеу саясатына көшу қарсаңында доллар бағамының дәлізін 185 теңге плюс 13, минус 15 теңге деңгейінде, яғни 170 теңгеден 198 теңге аралығында етіп белгілеуді шештік», — деп атап өтті ол.