ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасының АҚШ-қа сапары аяқталды
7-9-қазанда ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Нартай Дүтбаевтың АҚШ-қа ресми сапары өтті. Сапар барысында ол осы елдің құқық қорғау органдары басшыларымен, АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілдерімен, сондай-ақ, АҚШ конгрессмендерімен кездесті. |
Бұл туралы KZ-today тілшісіне АҚШ-тағы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Американдық серіктестер екі ел арасындағы айрықша маңызды салалардың бірі болып табылатын халықаралық лаңкестікпен күресте еліміз тарапынан дәйекті қолдау көрсетілгені үшін ризашылық білдірді.
Тараптар лаңкестікпен , заңсыз адам саудасы және есірткі бизнесімен күресте екі елдің тиісті құрылымдары арасындағы өзара ықпалдастықты одан әрі тереңдете нығайтуға мүдделілік танытты.
Америка Құрама Штаттарына жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша мәлімдеме жасаған Н.Дүтбаев : "американдық әріптестермен біздің кездесуіміз тек біздің елде ғана емес, сонымен бірге жалпы аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты одан әрі қамтамасыз ету саласындағы кешенді ынтымақтастыққа тың серпін беретіні анық",- деді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін