ҚР Ұлттық Қызыл Жарты ай Қоғамы Халықаралық Қызыл крест және Қызыл Жарты ай Қоғамдары Федерациясына қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ұлттық Қызыл Жарты ай Қоғамы Халықаралық Қызыл крест және Қызыл Жарты ай Қоғамдары Федерациясына қабылданды

ҚР Ұлттық Қызыл Жарты ай Қоғамы Халықаралық Қызыл крест және Қызыл Жарты ай Қоғамдары Федерациясына қабылданды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл Жарты ай Қоғамы (ҚЖҚ) Халықаралық Қызыл крест және Қызыл Жарты ай Қоғамдары Федерациясына (ХҚКҚЖҚФ) қабылданды. Бұл оқиға ХҚКҚЖҚФ Бас Ассамблеясының 14 сессиясында 2003-жылғы 28-қарашада болды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан.

  • 2 Желтоқсан 2003
  • 6174
Фото - Caravan.kz

Ұлттық Қоғамды мойындау шарттарының бірі ретінде Қызыл крест және Қызыл Жарты ай Қозғалысының түбегейлі принциптерін сақтау, және өз қызметінде халықаралық гуманитарлық құқықтың нормаларын басшылыққа алу болып табылады.

ҚР Қызыл Жарты ай Қоғамының ХҚКҚЖҚФ-ның мүшесі болуы осы ұйыммен ынтымақтастықтың жандануына септігін тигізбек. Атап айтқанда қарулы жанжал жағдайында және, табиғи немесе антропогендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықаралық қоғамдастықтың мақсатты қайтарымсыз қаржылық, техникалық және гуманитарлық қолдауын алуға мүмкіндік туғызады.
Бейбіт уақытта ХҚКҚЖҚФ төтенше оқиғалар кезінде тұрғындарды тәртіп ережелеріне дайындауға және алғашқы көмек көрсетуді үйрету үшін консультациялық, техникалық және өзге де көмектер көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл Жарты ай Қоғамы 2002-жылы құрылды. Ол Халықаралық Қызыл крест және Қызыл Жарты ай Қозғалысының гуманизм, бауырмалдық және ақысыз көмек идеялары мен принциптерін Қазақстан қоғамында орнықтыруға күш салған, алғаш рет 1937-жылы құрылған Қызыл крест және Қызыл Жарты ай Қазақ Қоғамының (ҚКҚЖҚҚ) құқықтық мұрагері болып табылады.
2000-жылғы қарашада Қазақстан Қызыл крест және Қызыл Жарты ай Қоғамын Халықаралық Қызыл крест Комитеті тарапынан мойындау туралы өтініш беріліп, ХҚКҚЖҚФ мүшелігіне өтуге сұраныс жасалды. Алайда, Қоғам қосарланған атауды және қос таңбаны пайдаланғандықтан сұраныс қанағаттандырылмады.
Осыған орай 2002-жылғы 29-наурызда ҚКҚЖҚҚ XVI съезінде ол Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай Ұлттық Қоғамы болып қайта құрылды, сондай-ақ Қоғамның жаңа таңбасы — Қызыл жарты ай қабылданды.
2003-жылғы қарашада ҚР ҚЖҚ басшысы ХҚКҚ-на және ХҚКҚЖҚФ-на Қоғамды мойындау туралы және оны Халықаралық Федерацияның толыққанды мүшелігіне қабылдау туралы екінші қайтара өтініш жасады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі биылғы қарашада Швейцария СІМ-не нота жолдап, онда ақ түстегі қызыл жарты ай геральдикалық таңбасы бұдан былай ҚР Қарулы күштері медициналық қызметінің ерекшелік таңбасы болып пайдаланатынын хабарлады. Нотада, сондай-ақ, ҚР ҚЖҚ-ның эмблемасы да қызыл жарты ай эмблемасына ауыстырылғаны, ал 2003 жылғы 17 ақпанда ҚР ҚЖҚ ҚҚКҚЖҚ-ның заңды мұрагері ретінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгендігі хабарланды.
Сонымен Қызыл крест және Қызыл Жарты ай Халықаралық Комитеті тарапынан ҚР ҚЖҚ-ын мойындауының және Қызыл крест және Қызыл Жарты ай Қоғамдары Халықаралық Федерациясының мүшелігіне өтуге байланысты құқықтық кедергілер алынғаны айтылып, ҚР СІМ ҚР ҚЖҚ президентінің тиісті өтінішін қарастыруды сұрады.
Биылғы 20-қарашада ХҚКК өз Ассамблеясында Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай Қоғамының өкілеттігін танып, 28-қарашада ҚР ҚКҰҚ Халықаралық Федерацияға 180-ші қатысушы ретінде қабылданды.

Соңғы жаңалықтар