ҚР вице-премьері Қазақстан үшін жіберілген суды өткізбеудің салдары жөнінде Өзбекстан мемлекетін ресми түрде ескертті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР вице-премьері Қазақстан үшін жіберілген суды өткізбеудің салдары жөнінде Өзбекстан мемлекетін ресми түрде ескертті

ҚР вице-премьері Қазақстан үшін жіберілген суды өткізбеудің салдары жөнінде Өзбекстан мемлекетін ресми түрде ескертті

Шымкент. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР вице-премьері Өмірзақ Шүкеев Қазақстанға Өзбекстан арқылы жіберілген су бойынша міндеттемелерді орындамаудың салдары жөнінде ескертіп, Өзбекстанның премьер-министрі Рустам Азимовқа үкіметтік жеделхат жолдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 21 Шiлде 2008
  • 416
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан үшін қалыптасып отырған аса қолайсыз жағдайды ескере отырып мен тиісті ведомстволарға суды жіберу мәселесін 2008 жылдың 20 шілдесіне дейін шешуге тапсырма бердім. Егер ол шешілмесе, Қырғызстаннан қымбат электр қуатын сатып алу тоқтатылады. Одан тек Қазақстан ғана емес, Өзбекстан мен Тәжікстандағы жерлер де зардап шегеді. Сізден жағдайды түзкту бойынша тиісті шараларды қабылдауды өтінемін», — деп жазылған жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті