ҚР Жоғарғы соты жемқорлыққа қатысы бар деп күдіктелген 4 экс-судьядан хабары жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Жоғарғы соты жемқорлыққа қатысы бар деп күдіктелген 4 экс-судьядан хабары жоқ

ҚР Жоғарғы соты жемқорлыққа қатысы бар деп күдіктелген 4 экс-судьядан хабары жоқ

Қазақстанның Жоғарғы соты жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен жұмыстан қуылған 4 экс-судьядан хабары жоқ, деп ведомствоның ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті.

  • 15 Шiлде 2011
  • 472
Фото - Caravan.kz

«Жоғарғы соттың екі судьясына қатысты қылмыстық іс қозғалған (жемқорлығы үшін – ҚазТАГ). Ол іс бойынша сауалдарыңызды Қазақстан Бас прокуратурасына жолдаңыздар. Ал қалған 4 судья туралы Жоғарғы сотта мәліметтер жоқ», — деді ол сәрсенбі күнгі брифингте.

Еске салсақ, қаржы полициясы агенттігінің жүргізген оперативтік жұмысы барысында 14 сәуірде ҚР бас прокуроры ЖС азаматтық және әкімшілік істері жөніндегі сот бақылау коллегиясының төрағасы Алмас Ташеноваға және ЖС судьясы Сәулебек Жәкішевке қатысты:«Алел» ФМК» АҚ пайдасына қызмет бабын асыра пайдаланып, заңсыз сыйақы түрінде мемлекетке Т495 млн шығын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

17 сәуірде сот рұқсатымен А. Ташенов пен С. Жәкішев қамалды.

Кейін А. Ташеновқа аса ірі мөлшерде $70 пара алғандығы үшін қосымша айып тағылды. С. Жәкішевке аталған сомадағы пара беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сәуір айының ортасында Қазақстан президентінің ұсынысымен және сенат депутаттарының мақұлдауымен Қазақстан Жоғарғы сотының 6 судьясы қызметтерінен босатылды. Жұмыстан босатылғандар тізімінде А. Ташенова, С. Жакішев, Камлен Қамназаров, Марзия Балтабай, Бахытжан Жақыпов, Мақсұт Абілхаир бар тұғын.

Соңғы жаңалықтар